Пуэрто-Рико өкілі Дженнифер Баррето "Әлем аруы – 2026" халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Мерейтойлық 75-ші байқаудың финалы 24 қарашада Сан-Хуан қаласында өтті. Бас тәжге 116 ел мен аумақтың өкілдері таласты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Жеңімпазға тәжді былтырғы байқауда топ жарған мексикалық Фатима Бош табыстады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дженнифер Баррето туралы не белгілі?
27 жастағы Дженнифер Барретоның психология бойынша бакалавр дәрежесі, сондай-ақ психология және әлеуметтік жұмыс салаларында екі магистрлік дәрежесі бар.
Ол 2021 жылы Техаста АҚШ Қорғаныс министрлігі жүйесінде жұмыс істей бастаған. Әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларға көмек беру бағдарламаларына қатысқан. Кейін профилактикалық жұмыстар бойынша маман болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Баррето сұлулық байқауының сахнасына алғаш рет 2026 жылғы ақпанда шыққан. Бірнеше айдан кейін "Пуэрто-Рико аруы" атағын жеңіп алған.
Дженнифер тұрмыста, жеті жастағы Пенелопа есімді қызы бар. Ол байқау тарихында бас тәжді иеленген алғашқы ана атанды. Бұл – Пуэрто-Риконың алтыншы жеңісі.
Үздік бестікке кімдер енді?
Байқаудың үздік бес қатысушысы:
- Дженнифер Баррето – Пуэрто-Рико;
- Мелисса Нуньес – Доминикан Республикасы;
- Клара Вегас – Венесуэла;
- Беа Миллан-Виндорски – Филиппин;
- Джорджия Уоддингтон – Жаңа Зеландия.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық Алина Ри қалай өнер көрсетті?
Қазақстан атынан байқауға Miss Qazaqstan 2025 атағының иегері, Шымкентте туған 22 жастағы Алина Ри қатысты.
Ол ұлттық киімдер көрсетілімінде "Алтын бүркіт: Қазақстан рухы" образын ұсынды. Киімнің ерекшелігі – жайылғанда ені 4,5 метрге жететін механикалық алтын бүркіт қанаттары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көрермендер дауыс беруінің қорытындысында Алинаның образы ұлттық киімдер санатында үздік 15-ке енді. Ал негізгі байқаудағы нақты орны әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Еске салайық, 2025 жылғы финал Бангкокта өтіп, 120 елдің өкілі арасынан мексикалық Фатима Бош жеңімпаз атанған еді.
О. Сансызбай