Әлемдегі ең қымбат және арзан қалалар аталды

Женева 2024 жылдың ортасында әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Numbeo мәліметтеріне сәйкес, Швейцарияның оңтүстік-батысындағы бұл қала 101,7 ұпай жинады және өмір сүру құны индексінде бірінші орынға ие болды. Оның артынан елдің солтүстігінде орналасқан тағы бір швейцариялық Цюрих қаласы (100,4 ұпай) келеді. Үшінші орында - Американың ең үлкен қаласы Нью-Йорк (100 ұпай).

Үздік ондыққа Сан-Франциско мен Бостон (АҚШ), Рейкьявик (Исландия), Вашингтон, Сиэтл, Лос-Анджелес және Чикаго (АҚШ) кірді.

Алматы (34,2 балл) рейтингте 164-ші орынды, Астана (31,9 балл) - 176-шы орынды иеленді.

Тізімдегі 218 қаланың ішінде пәкістандық Карачи (19 балл) және Лахор (19,1 балл) ең арзан деп танылды, бюджетті қалалар қатарына 21 балмен Калькутта (Үндістан) да кірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!