- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемдегі ең қымбат...
Әлемдегі ең қымбат автокөлік бренді аталды
Тесла Mercedes-Benz және Toyota-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтерінің тізімінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Brand Finance халықаралық сараптамалық агенттігінің баяндамасында хабарланды.
Агенттіктің мәліметінше, Tesla бренді қазір 66,2 миллиард долларға бағаланған. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен бес есе артық.
Өткен жылғы көшбасшы Mercedes-Benz брендінің құны 3 пайызға төмендеп, 58,8 миллиард долларды құраса, бұған дейін екінші орында тұрған Toyota 18 пайызға төмендеп, 52,5 миллиард долларды құрады.
Қытайлық Sokon автокөлік бренді жыл сайын 123 пайызға өсіп, 739 миллион долларға бағаланып, ең жылдам дамып келе жатқан бренд атанды.
Сондай-ақ тізімде элиталық AAA+ рейтингі бар "ең күшті автомобиль бренді" атанған Ferrari туралы айтылған.
Т. Раушанұлы