1100 жылдық ең көне иврит тіліндегі Киелі кітап 38,1 миллион долларға сатылды. Бұл туралы DW жазды.
Әлемдегі ең көне еврей Інжілінің бірі "Сассуна кодексі" деп аталады. Ол Нью-Йорктегі Sotheby's дүкенінде 38,1 миллион долларға сатылды. Басылым аукционда сатылған ең қымбат қолжазба болған.
Әлемдегі ең көне інжілдік қолжазбалардың бірі Израильдің Тель-Авив қаласындағы еврей халқының мұражайында сақталады.
Бұл еврей Ңнжілінің толық сипаттамасын қамтитын қолмен жазылған, былғарымен қапталған пергамент том. Қолжазбаны Америка Құрама Штаттарының Румыниядағы бұрынғы елшісі Альфред Мозес сатып алған.
Ол көне мәтінді Тель-Авивтегі еврей халқының мұражайы – ANU-дың америкалық достары атынан сатып алды. Sotheby's аукцион үйінің хабарлауынша, дәл осы мұражайдың коллекциясы "Сассуна кодексімен" толықтырылады.
Бұған дейін Apple негізін қалаушы Стив Джобс қол қойған чек аукционда 100 мың долларға сатылған болатын.