- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемдегі ең қарт адам
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Фото:
© Ashiya City via AP
Жапонияның ең қарт тұрғыны және әлемдегі ең қарт адам Томико Итоока 116 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV мәліметіне сілтеме жасап.
ТАСС мәліметінше, Итооканың 29 желтоқсанда қайтыс болғаны хабарланған. Ол 2023 жылдың желтоқсанында 116 жастағы Фуса Тацуми қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам атағын алған болатын.
Ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабы оған 2024 жылдың қыркүйегінде әлемдегі ең қарт адам мәртебесін берген. Енді әлемдегі ең қарт адам ретінде 116 жастағы бразилиялық Ина Канабарро Лукас танылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан