Жапониядағы Фута есімді қызыл панда қамауда өмір сүретін әлемдегі ең кәрі қызыл панда ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
17 қарашада Фута 23 жас 135 күнге толды. Осыған орай ол мекендейтін Тиба зоологиялық саябағында арнайы рәсім өтті.
Фута 2003 жылғы 5 шілдеде Сидзуока префектурасындағы Нихондайра хайуанаттар бағында дүниеге келген. Бір жылдан кейін Тиба зоологиялық саябағына ауыстырылған.
Қызыл панда 2005 жылы екі аяғымен тік тұратын әдетінің арқасында Жапонияға танылып, жарнамаға да түскен.
Мамандар оның жасын адам жасымен салыстырғанда 100 жылдан асады деп бағалайды. Қазір Футаның көру қабілеті нашарлап, екі аяғымен тұра алмайды. Дегенмен тәбеті жақсы, жағдайы тұрақты екен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай