- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемдегі ең бай...
Әлемдегі ең бай отбасылардың тізімі жарияланды
Американдық Walmart көтерме және бөлшек сауда желісін иеленетін Уолтондар 4 жыл бойы әлемдегі ең бай отбасы саналды.
Bloomberg жасаған рейтинг бойынша Уолтондар отбасының байлығы бір жыл ішінде 13,7 миллиард долларға азайған 224,5 миллиард долларға бағаланған.
Walmart 1962 жылы кәсіпкер Сэм Уолтон негізін қалаған, дүние жүзінде 10 500-ден астам дүкені бар, штаб-пәтері Арканзас штатының Бентонвилл қаласында орналасқан және компанияның жылдық табысы 573 миллиард долларды құрайды. Уолтондар отбасы желі акцияларының 47 пайызына ие.
Сондай-ақ, ең бай 10 отбасына мыналар кіреді:
● Марс отбасы, Mars кондитерлік фабрикасының және ұзақ мерзімді азық-түлік өндіруші компанияның иелері – 160 миллиард доллар (бір жыл ішінде олардың байлығы 18 миллиард долларға өсті);
● Кох отбасы, америкалық Koch Industries мұнай-химия корпорациясының иелері – $124,4 млрд (+4,4 млрд доллар);
● Аль Сауд – Сауд Арабиясының корольдік отбасы – $105 млрд (+5 млрд доллар);
● Эрме отбасы, француздық Hermes сән үйінің иелері — $94,6 млрд (-$17 млрд);
● Амбани отбасы, үнділік Reliance Industries мұнай өндіру және өңдеу холдингінің иелері – $84,6 млрд (-9,1 млрд доллар);
● Вертхаймер отбасы, француздық Chanel сән үйінің иелері – 79 миллиард доллар (+17,2 миллиард доллар);
● Cargill отбасы, Cargill ауылшаруашылық компаниясының иелері – $65,2 млрд;
● Томпсондар отбасы, Reuters ақпараттық агенттігінің бақылау пакетінің иелері – $61,2 млрд;
● Хоффман отбасы, Roche Holding швейцариялық фармацевтикалық компаниясының иелері – $45,1 млрд.
Барлығы 25 отбасы рейтингке енді.
Олардың арасында Aldi жеңілдік дүкендерінің неміс желісіне иелік ететін Альбрехт отбасы (41,4 миллиард доллар), телекоммуникациялық Cox Enterprises компаниясына иелік ететін Кокс отбасы (28,3 миллиард доллар), үнділік Hapoorji Pallonji Group құрылыс компаниясына иелік ететін Мистри отбасы бар.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, әлемдегі ең бай 25 отбасының жалпы байлығы 1,5 триллион долларды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 143 миллиард долларға аз.
Агенттіктің хабарлауынша, кейбір өте ауқатты отбасылардың, мысалы, Рокфеллерлердің байлығы рейтингке кірмейді, өйткені олардың активтерін «табу және есептеу өте қиын».
Қазан айының ортасында Henley & Partners New World Wealth компаниясымен бірлесіп, байлығы 100 миллион доллардан асатын ауқатты адамдардың санын есептеді.
Зерттеуге сәйкес, әлемде центимиллионерлердің саны 25 490 адамды құрайды. Олар негізінен технология мен трансұлттық компания иелері, қаржыгерлер мен мұраға ие болған байлар. Кейінгі 20 жылда олардың саны екі есеге өсті.
Құрама Штаттарда барлық дәулеттілердің 38 пайызы (9 730) тұрады, одан кейін Қытай (2 021) мен Үндістан (1 132) келеді.
Одан кейін Ұлыбритания (968), Германия (966), Швейцария (808), Жапония (765), Канада (541), Аустралия (463) және Ресей (435) тұр.
Т. Раушанұлы