Әлемдегі ең бақытты елдер тізімі шықты: Қазақстан нешінші орында?

Әлемдегі ең бақытты елдер тізімі шықты: Қазақстан нешінші орында?
Фото: Massaget.kz

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізімінде жоғарыға көтерілді. Биыл біздің мемлекет рейтингте Франция мен Сингапурды озып, 33 орынға тұрақтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап. 

Бұл мәліметті World Hapinnes Report ұйымы жариялады. Зерттеу орталығы статистиканы халықтың өмір сүру сапасы, табыс деңгейі, еркіндік пен әлеуметтік қолдауы сияқты көрсеткіштерге қарап шығарады. Тізімде бас-аяғы 147 мемлекет бар.

ТМД елдері арасында Қазақстан ең үздік нәтиже көрсеткен. Мәселен, Өзбекстан 53, Қырғызстан 66, Ресей 79-ші орынға жайғасқан екен. Рейтингте Финляндия тағы да бірінші орын алған. Ал ең бақытсыз ел ретінде Ауғанстан танылды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget