Финляндия, Исландия және Дания ең бақытты елдер рейтингінде көш бастады. Зерттеуде тұрғындардың табысы мен өмір сүру деңгейінен бөлек, шешім қабылдау еркіндігі, қауіпсіздігі және паспортының мүмкіндіктері де ескерілген, деп хабарлайды Massaget.kz.
Global Citizen Solutions мәліметінше, рейтингтің алғашқы бес орнына Еуропа елдері жайғасқан.
Бірінші орынды 7,764 ұпаймен Финляндия иеленді. Ел өмір сапасы бойынша жоғары баға алып, ішкі еркіндік пен халықаралық жүріп-тұру мүмкіндігі бойынша екінші орынға шыққан.
Екінші орында – Исландия. Ол ел ішіндегі еркіндік деңгейі бойынша көш бастап, әлемдегі ең бейбіт мемлекет деп танылған. Алайда паспорттың мүмкіндіктері бойынша 20-орында тұр.
Үшінші орынға Дания тұрақтады. Бұл ел зерттеудің төрт көрсеткіші бойынша да үздік төрттікке енген. Өмір сапасы жағынан үшінші, азаматтық бостандықтар деңгейі бойынша екінші орын алған.
Төртінші орынды Швейцария иеленді. Ол әл-ауқат, денсаулық және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша екінші, ал жан басына шаққандағы табыс бойынша үшінші орынға шыққан.
Үздік бестікті Норвегия түйіндеді.
Алғашқы ондыққа Швеция, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Аустрия және Сингапур енген. Осылайша, үздік он елдің тек екеуі ғана Еуропадан тыс жерде орналасқан.
Рейтингтің соңғы бес сатысында мына мемлекеттер тұр:
Зерттеу әлемнің алты өңіріндегі 50 елді ғана қамтыған. Қазақстан мен Орталық Азияның өзге мемлекеттері рейтингке кірмеген.
Happy Passports Index 2026 рейтингін Global Citizen Solutions сарапшылары әзірлеген. Олар тұрғындардың өміріне қаншалықты көңілі толатынын ғана емес, ел ішінде және шетелде қандай мүмкіндіктері бар екенін де бағалаған.
Зерттеу төрт негізгі көрсеткішке сүйенген. Әрқайсысының қорытынды бағадағы үлесі бірдей — 25 пайыз:
Әр көрсеткіш бойынша елдер зерттеуге қатысқан өзге мемлекеттермен салыстырылып, 0-ден 100-ге дейін ұпай алған. Кейін төрт санаттың бағасы тең үлеспен біріктіріліп, қорытынды нәтиже шығарылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!