• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Әлемдегі елдер шетелден қайтарылған активтерді қайда жұмсайды?

Әлемдегі елдер шетелден қайтарылған активтерді қайда жұмсайды?
Фото: gov.kz

Шетел асқан ақшаны қайтару - Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының басты қағидаты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Моңғолия

Моңғолияда қайтарылған қаржы жетімдерге жұмсалады. Бұл ел 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының ғаламдық операциялық желісіне қосылған. Бұл активтерді қайтару және қаржылық тергеу бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Біріккен Ұлттар Ұйымымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция аясында 1,3 миллион доллар өндіріп алған. Соманың бір бөлігі Моңғолияның солтүстігіндегі "Энерел" балалар үйіне аударылыпты. 

Өзбекстан

Өзбекстанда бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримованың заңсыз иеленген активтерін тәркілеу әлі жалғасып жатыр. Швейцария банктерінен қайтарылған активтер елдегі ана мен бала өлімін азайтуға жұмсалады. Ақшаны қайтару ісімен Uzbekistan Vision 2030 қоры айналысады. Осы сәтке дейін 43 миллионнан аса доллар қайтарылған. Жалпы Гүлнар Каримова жымқырған активтері Франция, АҚШ, Латвия елдерінен табылып жатыр. Жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион долларға жетеді деген дерек бар.

Қырғызстан

Айырқалпақты ағайын да заңсыз активтермен күреске белсенді кіріскен. Қырғыз үкіметі кейінгі 4 жылда мемлекет қазынасына 125 миллиард сом қайтарды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша әлемдегі заңсыз активтердің жылдық көлемі - триллион доллар. Жалпы ғаламдық экономика жемқорлықтың кесірінен жыл сайын 2,6 триллион доллар жоғалтады екен. Бұл - жаһандық жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздан астамы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова