- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемде қарт адамдар...
Әлемде қарт адамдар көбейеді
Фото:
ашық дереккөз
2030 жылға қарай әлемде қарт адамдар көбейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
2030 жылға қарай әлемде алпысты алқымдаған қарт кісілердің саны 1 миллиард 400 миллионға жетеді. Осылайша, көрсеткіш жастар санынан асып түседі. Бұлай деп Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді.
Әсіресе кәрі құрлық тұрғындары тез қартайып жатыр.
"Бұл өмір сүру ұзақтығының артуы және туу көрсеткішінің төмендеуімен байланысты", – дейді сарапшылар.
Италия – Еуроодақтағы қарты көп ел. Мұнда жалпы халықтың 24 пайызы – 65 жастан асқандар. Бұл өз кезегінде мемлекетке зейнетақы төлеу, денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету сияқты көп міндеттеме жүктейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина