Әлемді көлікпен аралаған қытайлық жұп Қазақстанға тәнті болды. Massaget.kz тілшісі дүниежүзін көлікпен аралап аралап, бірнеше мың шақырымды артқа тастаған ерлі-зайыптымен сұхбаттасты.
Фань Юху мен Чжу Синьи 8 ай бойы көлікпен әлемді шарлап, Оңтүстік-Шығыс Азияның 8 елін аралаған. Олар Қазақсанға келгенде тұрғындардың қонақжайлығы мен жанашырлығына таңғалған.
Чжу Синьидің айтуынша, күйеуінің отбасында үш ұрпақ өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған. Сол үшін ерлі-зайыпты газбен жүретін көлік орнына, электр көлігін тізгіндеуді мақсат қойған. Олардың айтуынша, бір жағынан, бұл - қоршаған ортаны ластамау, екінші жағынан, ақша үнемдеу.
Фань Юху жалғыз өзі әлем аралауды армандап келген. 42 жасында 8 жыл жүрген қызымен айырылысып кеткен соң "бұл - бір белгі" деп ойлаған. Саяхатын бастаған Фань Юху алғашында ешқандай жоспар құрмаған.
Қытайлық жұп саяхатты кім қаржыландыратынын, ақшаны қалай үнемдейтінін айтты.
"Ақша табу көлікті қуаттаудан қиынырақ, ал оны дұрыс жұмсау одан да ауыр. Саяхатшылар Ява аралы арқылы Калимантандағы Банджармасинге бардық. 25 мың шақырым жол жүріп өткен олар электр қуатына небәрі 200 юаннан (13 мың теңге) аса ақша жұмсадық. Жол бойында көлікті тегін қуаттауға мүмкіндік көп болды. Ал газбен жүретін көлікке шамамен 10 000 юаньнан (675 мың теңге) аса ақша жұмсар едік. Табысымыздың негізгі көзі - жарнама, кітап сату", - дейді олар.
Саяхатшылардың айтуынша, олар көлік жүргізуден шаршамайды. Алайда ұзақ жол миға да, денеге де әсер етеді.
"Психикалық тұрғыдан қажып, физикалық тұрғыдан шаршап қаламыз. Бірақ біздің "арманымыз" - бізге мотивация! Күйеуім Фань Юху көлік айдап, жолда жүргеніне 10 жыл болды, тәжірибесі көп. Бірде Малайзияда жол апатына түстік, бірақ сонда да арманымыздан бас тартпадық", - дейді Чжу Синь.
Қазақстан қытайлық жұпты қалай тәнті етті? Олар бұл сұраққа жауап берді.
"Қазақстанда көзімізді ашты. Тұрғындардың адамгершілігі мол, мейірімді, қол ұшын созу дайын, олармен тілдесу оңай. Бір тілде сөйлей алмасақ та, олар шыдамдылық танытып, аудармашы арқылы бір-бірімізбен сөйлесуге мүмкіндік берді. Қазақстан өте таза ел екен, жолы да саяхаттауға ыңғайлы. Бір қызығы, жанармай құю бекеттерінде күзетшілері бар, олар тәулік бойы ашық. Бұл жолы мен Қазақстанның астанасы арқылы өттік. Екі күн қатарынан дәмді ас іштік. Саяхатта жүргенде менде көбіне тоқаш пен сүт қана ішетінбіз. Астаналықтар ағылшын тілінде жақсы сөйлейді екен. Қазақ халқының қонақжайлылығы бізді қатты қуантты", - дейді Фань Юху.
Саяхатшы жұп негізгі мақсатын айтып берді. Олар жаңа әлемдік рекорд орнатқысы келетінін жасырмады.
"Біздің түпкі мақсатымыз - әлемдік рекордты жаңарту. Біз 800 күнде алты континенттің 100 елін электр көлігімен шарлап өтуді жоспарлап отырмыз. Біздің саяхат жоспарымыз – біз әлі бармаған елдерге бару, қазір 82 елге барып келдік. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азияны аралап біттік, ал Қазақстан - Орталық Азияға саяхат жасаған алғашқы ел. Келесі кезекте Ресейге, Моңғолияға, Еуропа елдеріне, Африка елдеріне, Америка мен Океанияға баруды жоспарлап отырмыз", - дейді олар.
Қытайлық жұп сапар барысындағы қызық сәттерді бөлісті.
"Қазақстанда бірнеше рет жол полициясына кезіктік. Ережені бұздық па деп алаңдаған едік. Алайда олар жолда абай болуды еске салды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар тамақ пен сусын беріп, бізге сәт сапар тілеген тұрғындар дда болды. Бұл бізге қатты әсер етті", - дейді жұп.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!