Әлем және Азия чемпионатының жүлдегері кәсіпқой боксқа ауысты

Әлем және Азия чемпионатының жүлдегері кәсіпқой боксқа ауысты
Фото: safronovamilana1

Қазақстандық боксшы қыз Милана Сафронова мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады. Ол енді кәсіпқой бокста бақ сынап, абсолютті чемпион атанғысы келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz

Мансабындағы маңызды шешім жайлы Милана Instagram-парақшасында жазды.

"Мен әрдайым өз елімнің туын әлемдік ареналарда көтеруді армандайтынмын және осы мақсатыма жетуге кәсіпқой бокста да барымды саламын. Қазір менің жаңа мақсатым - Қазақстаннан шыққан алғашқы абсолютті чемпион атану. Алғашқы оқу-жаттығу лагері Таиландта болды, ең мықты бапкерлермен жаттықтым. Осылайша, ресми түрде кәсіпқой боксқа ауыстым. Бірінші жекпе-жегімнің уақытын жуық арада хабарлаймын. Мен ең мықты командаммен чемпиондық титулдарды Отаныма әкелуге уәде беремін", - деп жазды Сафронова әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Safronova Milana (@safronovamilana1)

Айта кетейік, Милана Сафронова әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ Азия чемпионы және екі рет қола жүлдегері болған. Соңғы рет Чианг Мэйде (Таиланд) өткен құрлық бәсекесінде қола алды. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget