Қазақстандық Telegram-арналарда қолданушылар Билл және Мелинда Гейтс қоры ғимаратының кіреберісінің суретін таратып жатыр. Есік алдындағы қабырғада "Әлем халқының санын қысқарту орталығы" деп жазылған маңдайша жазу ілініп тұр екен. Бұл - ескі фейк, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Алғаш рет фото 2021 жылғы сәуірде Желіде ағылшын тілінде жарияланды. Оны батыс фактчекерлері жоққа шығарды.
Билл және Мелинда Гейтс қорының ғимаратында "Жер халқының санын қысқарту орталығы" деген жазудың бар-жоғын тексеру оңай. Ол үшін іздеу жүйесіне Қордың бас кеңсесінің мекенжайын енгізу керек. Одан әрі шыққан нәтижелерден ғимараттың суреттерін таңдап, олардың ішінен кіреберісінің суретін табу керек. Суретте қабырғада тек қор логотипі ғана ілінгені көрініп тұр. Онда халықты қысқарту орталығы туралы жазу жоқ.
Демек, ол қолданушыларды шатастырып, планета халқының санын азайту туралы қастандық теорияларының шынайылығына сендіру үшін графикалық редакторлармен жазылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!