- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлем халқының саны...
Әлем халқының саны артты
Әлем халқының саны артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
2023 жылы әлем халқы 66 миллион адамға жетті. Бұл туралы Германияның "Жер халқы" қоры жазды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазір Жер шарымызда тұрып жатқан адам саны 8 миллиард 73 миллионға жеткен.
Бірақ Американың халық санағы бюросы кейінгі бір жылда Жер тұрғындарының саны 75 миллион адамға артты деген дерек келтіріп отыр. Бұл - рекорд деңгейдегі көрсеткіш. Адамзат тарихында ең жоғары өсім бұған дейін 1965 пен 1970 жылдар аралығында тіркелген еді. Содан кейін көрсеткіш шамамен екі есе төмендеген болатын.
Айта кетейік, 2023 жылы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны өмірге келгені хабарланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев X-парақшасында жазды.
"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", - деп жазды Президент.
20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға не беріледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова