Әлем халқы 8 миллиардқа жетті. Бұл туралы БҰҰ сайтында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2022 жылғы 15 қарашада әлем халқы саны 8 миллиардқа жетеді, бұл адамзат дамуындағы маңызды кезең болады", - делінген БҰҰ сайтында бұрын жарияланған хабарламада.
Әлем халқының 7 миллиардтан 8 миллиардқа дейін өсуі үшін 12 жыл қажет болса, 9 миллиардқа жетуі үшін шамамен 15 жыл қажет болады деп болжанып отыр. Бұл 2037 жылға дейін жалпы әлем халқының өсу қарқынының баяулайтынын көрсетеді. Ал әлем халқының өсуінің көп бөлігін Азия мен Африка қамтамасыз етіп отыр.
Айта кетейік, БҰҰ-ның 2022 жылға арналған деректері бойынша Қазақстан халқы (шамамен 20 миллион адам) әлем халқының 0,24 пайызы болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!