Әлем футболшыларын жатқа білетін 6 жастағы бала Қазнетті тәнті етті

Әлем футболшыларын жатқа білетін 6 жастағы бала Қазнетті тәнті етті
Фото: видео кадры

Дүние жүзіне атақты спортшылардың туған жерін жатқа айтқан бала Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. Желіде тараған роликте шамамен 6 жастағы бала танымал футболшылардың туған жерін жатқа айтып тұр. 

"Бір баланы тауып алдым. Түгел әлем ойыншыларын біледі", - дейді автор. 

- Модрич қай жақтан? 

- Хорватия

- Месси? 

- Аргентина 

- Роналду ше? 

- Португалия

@kapitanamerika007 #дарындыбала ♬ оригинальный звук - Smakov

Желі қолданушылары дарынды балаға тәнті болған. 

"Астарлы ақиқаттан күтеміз"

"Оның қаснда 17-18 жігіттер Месси әлем чемпионатында да, ПСЖ да ойнамай ма деп жүр"

"Осы баланы қолдап, форма, доп алып берсек? Кім қолдайды?"

"Нағыз футболшы ғой, жарайсың"

"Саяшок керемет дарынды бала, өзі 6-да, жарайсың, Саян", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина