- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлем елдері туын...
Әлем елдері туын жатқа білетін 2 жасар бала Қазнет жұлдызына айналды
Желіде әлемнің 20 елінің туын білетін кішкентай Абайдың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Желідегі видеода Абайдың әкесі телефонынан оған түрлі елдің туын көрсетеді, бала оларға оңай жауап береді. Видеоға үш жүзге жуық пікір жазылған.
"Ата-анасы жарап тұр", "Қазақстанның болашағы", "Тіпті мен білмеймін", "Қандай керемет", - деп таңғалған қазақстандықтар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Абайдың анасының есімі - Айнұр. Ол жұбайымен бірге ұлдары бес айға толғаннан бастап оны дамытумен айналысқан. Бала бір жасқа дейін сөйлеген.
"Отбасымызда үшеуміз. Мен 28 жастамын, күйеуім Айсұлтан 29 жаста. Абай - тұңғышымыз, әзірге жалғыз бала. Оған 1 жыл 9 ай, қазанда 2 жасқа толады. Ұлымды 5-6 айынан бастап дамыттық. Ол 1 жасына дейін сөйлей бастады. Қазір ол тіркестер мен қарапайым сөйлемдер арқылы өз ойын айта алады. Ол ән айтады, үш тілде 10-ға дейін санайды", - дейді баланың анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айнұр бірнеше ай бұрын ұлы әкесімен бірге түрлі елдің туын үйрете бастағанын айтты. Содан бері кішкентай Абай шамамен 20 елдің туын жаттап алған. Оның айтуынша, бала білуге өте құштар.
Ж. Қадыржанова