Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Филадельфияда (АҚШ) өткен RAF 08 турнирінің титул үшін белдесуінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтмұқанның қарсыласы атақты америкалық балуан Кайл Снайдер болды. Қазақстандық спортшы кездесуді сенімді бастап, 6:0 есебімен алда тұрған еді, бірақ басымдықты сақтап қала алмады. Нәтижесінде Снайдер белдесудің барысын өзгертіп, 12:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол жартылай ауыр салмақтағы RAF лигасының чемпион белбеуін қорғап қалды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Айта кетейік, Снайдер - қазіргі заманның ең атақты балуандарының бірі. Оның еншісінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтыны мен 2020 жылғы Олимпиаданың күмісі, сондай-ақ әлем чемпионаттарындағы төрт жеңіс (2015, 2017, 2022, 2025) бар.
Ал Айтмұқан — 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2023, 2024, 2025).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz