- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлем чемпионы атағынан...
Әлем чемпионы атағынан бас тартқан Головкиннің келесі қарсыласы аталды
Бразилиялық журналист кіші Уилсон Балдини қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Геннадий Головкин IBF белбеуінен бас тартты, енді бокшсыда тек IBO атағы қалды.
"GGG сонымен қатар орта салмақтағы WBA титулынан бас тартты, өйткені ол Эрисланди Ларамен жекпе-жекті тиімсіз деп есептейді. Головкиннің Хайме Мунгимен кездесу мүмкіндігі артып келеді", - деп жазды ол Twitter-де.
Бір қызығы, Головкин мен Мунги 2018 жылы кездесуі мүмкін еді, бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы бұл жекпе-жектің өткізбеді, өйткені ол кезде мексикалық мұндай деңгейдегі жекпе-жекке дайын емес деп есептеді.
Еске салайық, бұған дейін Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартқанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан