Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбай жеңіске жетсе, Айбек Оралбай жарысты ерте аяқтады.
80 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай Әзербайжан елінен келген Мурад Аллахбердиевті төрешілердің бірауыз шешімімен айқын жеңіп шықты. Есеп – 5:0.
Ал 92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Айбек Оралбайдың жолы болмады. Ол әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде Италиядан келген Азиз Аббес Мухиддинге есе жіберді. Еуропа чемпионы атағына ие қарсыласы 4:0 есебімен жеңісті өз пайдасына бұрды.
Айта кетейік, бүгін күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов малилік боксшының ұтқан болатын. Ал Айбек Оралбай ұлттық құрама сапында жарыс жолынан шыққан үшінші боксшы. Бұған дейін Талғат Сырымбетов пен Санатәлі Төлтаев қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден қағылған болатын.