Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әже атанды. Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айнұр Тұрсынбаева немересіне Әлем деген есім таңдаған.
"Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдина бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды... Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік... Барлықтарыңызға жұғысты болсын тілекшілерім", - деп жазған ол.
Ақынды өнердегі достары, әріптестері, оқырмандары құттықтап жатыр.
Бауы берік болсын, жаным сол. Алла отбасыларыңызға береке, мол ризық, бақытты ғұмыр, қабыл болған құлшылық нәсіп етсін.
Айкем, немереңнің бауы берік болсын! Әже атанғаның құтты болсын!
Бауы берік болсын! Алланың сүйген құлы болсын, бұйырса!
Атына заты сай Әлемді аузына қаратқан нар тұлғалы азамат болсын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!