Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алексей Цой 2020-2021 жылдары денсаулық сақтау министрі болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!