Юлия Навальная Росфинмониторингінің террористер мен экстремистер тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ria.ru-ға сілтеме жасап.
"Террористер мен экстремистердің тізімі.. Ұлттық бөлім... Жеке тұлғалар... 36. Юлия Борисовна Навальная*, 1976 жылы 24 шілдеде туған, Мәскеу қаласы", - делінген тізімде.
9 шілдеде Мәскеудің Басманный соты Навальнаяны елде ұсталған немесе экстрадицияланған күннен бастап екі айға сырттай қамауға алды. Оған халықаралық іздеу жарияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!