Александр Стубб фин компаниялары Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді

Финляндия президенті Александр Стубб фин компаниялары Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі "Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды" деді. Бұл - дамудың даңғылына түскен елдеріміз үшін қуанарлық жағдай", - деді Финляндия президенті.

Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!