Александр Масляковтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Александр Масляковтың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Фото: ria.ru

КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

SHOT Telegram арнасының хабарлауынша, Масляковтың ауруы тым асқынғандықтан, ота жасау мүмкін еместігін анықтаған. Дәрігерлер сегіз ай бұрын туыстарына емдеудің енді көмектеспейтінін айтқан.

Соңғы алты айда Масляковтың жағдайы өте нашар болғаны, әрең сөйлейтіні, тыныс алуы қиындағаны туралы айтылды.

"Жағдай covid-тен кейін қиындай түсті, ол коронавируспен екі рет ауырған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Масляков КВН ойындарын 1964 жылдан бастап басқарған. Танымал тележүргізуші 8 қыркүйекте 83 жасында қайтыс болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева