Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Германияның Халле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирде жекелей сын бойынша екінші матчын ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бублик америкалық теннисші, әлемнің 44-ракеткасы Кристофер Юбэнкспен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласынан үш сетте 6:7, 6:4, 3:6 есебімен жеңілді.
Екі сағат 12 минутқа созылған матч кезінде 22 эйс жасап, төрт рет допты ойынға қоса алмады.
Сонымен қатар Бублик қатарынан жеті ұпай мен үш геймді жеңді.
Жүлде қоры 2 255 655 еуро болатын Халледегі жарыс 17-23 маусым аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы былтырғы финалда Андрей Рублевті ұтқан қазақстандық Александр Бублик еді. Осылайша, қазақстандық теннисші былтыр жеңіп алған титулын қорғай алмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!