Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Almaty Open турниріне қатысудан бас тартты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Алматыға Қытайдағы жарыстардан кейін қатысушылар келе бастады.
Жаңа кортты алғашқылар болып қазақстандықтар, Қазақстан құрамасы сапында Дэвис кубогында 50 матч өткізген Михаил Кукушкин, сондай-ақ жуырда еліміздің ересектер құрамасында алғаш рет ойнаған Бейбіт Жұқаев байқап көрді.
Таяу күндері турнирге Фрэнсис Тиафо (17 ATP), Себастьян Корда (19 ATP), Алехандро Табило (23 ATP), Карен Хачанов (25 ATP) және басқалар келмекші.
Ал денсаулығына және алған жарақаттарына байланысты Almaty Open ATP 250 турнирінде франциялық Артур Фис, италиялық Флавио Каболли және қазақстандық Александр Бублик өнер көрсете алмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз