Алматы хайуанаттар бағында жолбарыстарды тамақтандырып жатқан қауіпті сәт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы хайуанаттар бағы баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жыртқыш аңды тамақтандыру процесі түсірілген видео жариялады.
"Олар басқа кезде сүйкімді, ал тамақтанған кезде басқаша болады. Аш болғанда өзіңе ұқсамайтын жағдай. Тіпті қоршаудағы көршілер түрлі бөлмеде мекендейді.
Дәл осындай сәттерде тайга немесе джунглидің нағыз иесі алдыңда тұрғанын түсінесің, оның алдында бәрі дірілдейді!" - деді Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі өкілі.