- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алдын ала келіскен"....
"Алдын ала келіскен". Талдықорғанда көпқабатты тұрғын үйді салу кезінде ақша жымқырылған
Талдықорғанда 2 көпқабатты тұрғын үйді салу кезінде бюджет жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жетісу облысының прокурорлары Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты әділ үкімге қол жеткізді.
Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап, жүргізді.
Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды.
Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина