Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала.
Желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.
"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар.
Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.
Желі қолданушылары баланы мақтап пікір қалдырған.
"Коляжан, жарайсың! Өнерлі өрендер шөлдемейтін болды", "Енді арманының шегі болмайды", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз