Әлдекімдер Бишімбаевтың үкімін 100 миллион теңгеге жеңілдетпек болған

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың адвокатының бірі Ерлан Ғазымжанов Tengri TV-ға берген сұхбатында әлдекімдер экс-министрдің үкімін жеңілдетуге тырысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат олар өзін сот жүйесінің қызметкері ретінде таныстырғанын айтады.

"Белгісіз әйел Қуандық Бишімбаевтың анасына хат жазып, өзін сот жүйесінің қандай да бір қызметкері ретінде таныстырды. 100 миллион теңгеге Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге көмектесетінін айтты. Ол Бишімбаевтың анасын көндіруге тырысты, "жалғыз ұлыңыз, неліктен оны тағдыр талқысына қалдырып жатырсыз?" деді. Әрине, оның анасы ұсыныстан бас тартты. Кейінірек ол әйел баласымен бірге пәтерге келді.

Бишімбаевтың анасы оны алдымен бұғаттап тастаған болатын, содан кейін ол пәтерге келді. Оның ұсынысынан бірнеше рет бас тартылса да, ол қайта-қайта келуін тоқтатпады. Осыдан кейін оны құқық қорғау органдары байқап, тіркеп алды. Кейін ұсталды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ғазымжанов қызметі үшін Бишімбаевтан қанша алғанын айтқан болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!