Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласында сөз сөйлейтін кезде жарылыс болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.
"Сағат 11:30 шамасында (астана уақытымен 8.30-да) премьер-министр Вакаяма қаласындағы Саигасаки балық аулау портын тексеруді аяқтап, сөз сөйлеуі қажет болған. Бірақ қатты жарылыс даусы естілді", - делінген хабарламада.
Киодо агенттігінің мәліметінше, премьер жаққа әлдекім бір зат лақтырып жіберген.
Оқиға орнында бір адам ұсталды. Ол полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл деректің мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!