- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алдау жолымен 1...
"Алдау жолымен 1 миллион теңге алған". Таразда сот төрағасы сотталды
Фото:
elements.envato.com
Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина