Алдап шақырып, кейін азаптаған: Астанада қызбен танысуға барғандар сан соғып қалған

Алдап шақырып, кейін азаптаған: Астанада қызбен танысуға барғандар сан соғып қалған
Фото: depositphotos.com

Астанада үш тұрғын адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Үш ер адам Telegram мессенджерінде қыздардың жалған парақшаларын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып, кейін оларды қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын видеоларды таратамыз деп қорқытқан.

Қаскөйлер бопсалау арқылы үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 миллион теңге алған. Бірін несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің көлігін иемденіп алған.

Сот не шешті?

Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеген. Сот үкімімен үш адам адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget