Алданып қалмаңыздар: Алматыда үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алданып қалмаңыздар: Алматыда үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
Фото: Midjourney

Алматыда үлескер тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кімдерге рұқсат берілген?

Сәулет және қала құрылысы басқармасының және "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталының дерегі бойынша қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген. Тізімді мына жақтан көруге болады. 

Жаңа заң туралы

2025 жылы маусымда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізілді. Заң бойынша мына жағдайда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тыйым салынады:

  • құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат жоқ болса;
  • бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса;
  • банк арқылы жоба қаржыландыруы жүзеге аспаса.

Сондай-ақ, бұған дейін жобалық-сметалық құжаттама негізінде жарнама жариялауға мүмкіндік берген норма алып тасталды.

Бұдан бөлек, заңнамаға "жеке тұрғын үйлер кешені" деген жаңа ұғым енгізілді. Енді мұндай нысандар да "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң талаптарына сүйенеді.

Азаматтар қайда жүгіне алады?

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де құжаттары бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына жаққа жүгіне алады:

  • Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша - Қала құрылысын бақылау басқармасының Call орталығы: +7 (705) 896-6000;
  • Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша - Сәулет және қала құрылысы басқармасы: +7 (727) 2408000;
  • "ҚТК" АҚ тұрғын үй порталы: homeportal.kz

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget