- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Алданып қалған жалғыз...
“Алданып қалған жалғыз мен емеспін“. Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтар туралы жаңа мәлімет айтты
Алаяққа алданып, ақшасынан айырылып, сотқа жүгінген танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алданып қалған жалғыз өзі емес екенін айтып, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жақында Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтқан болатын.
"Tumar Grand Vilage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік. Алдағы уақытта сот барысын қалдырмай, өздеріңізге баяндап отырамын. Уайымдап жатқан баршаңызға рақмет", – деп жазды ол.
Өнер иесі сотқа шағымданғанын жазып, алаяқтар туралы деректер жариялай бастаған соң оған дәл осы компаниядан үй аламын деп ақшасынан айырылып қалған адамдар хат жаза бастапты.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен кездесетінін, алайда мәмілеге келе алмай, сотқа арызданғанын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева