Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты.
"Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуі күтілгенімен, өткінші жауын-шашын кей жерлерде ғана болады. Қатты нөсер күтілмейді", − делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде температура сол күйінде жоғары деңгейде болады. Күндізгі температура 22-30 градус, оңтүстік пен батыста 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Яғни ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады.
Дереккөз: tengrinews.kz