- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы үш күнге...
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото:
massagetkz
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
Синоптиктердің мәліметінше, Ресейдегі еуропалық аумағының шығысындағы циклон Батыс Сібірге қарай ығысып келеді. "Атмосфералық фронттар осы циклонға байланысты болып. Олар Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуімен, күн бұлтты болып, жаңбыр түріндегі жауын-шашын басымырақ түседі, оның арты батыс пен солтүстікте түнде сулы жаңбырға айналуы мүмкін", − деп хабарлады.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін