Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 16, 17, 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағына атлантикалық циклон ығысады. Салдарынан жауын-шашын жауады.

  • Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, қалған аумақтарда қар түрінде;
  • Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.

"Жел, боран, көктайғақ болып, кейбір аудандарда тұман түседі. Тек ауа температурасында өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!