- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы үш күнде...
Алдағы үш күнде бұршақ, +45 градус ыстық пен найзағай күтіледі
Фото:
updatepunjab.com
Қазгидромет синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігіне циклон әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ күтіледі.
6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Жалпы ел аумағында жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық, ауа температурасы +38 - +45 градус болады деп болжанды. Ал еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева