Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, қар күтіледі.
16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, қар, жел, тұман күтіледі.
"Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!