- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы үш күнде...
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 9, 10, 11 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігінде және орталығында атмосфералық қысымның жоғарылауына қарамастан, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық ағымдар әсер етеді, ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.
Жеңіс күні атмосфералық қысым Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында жоғарылайды. Күн ашық болады, ауа температурасы көтеріледі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова