- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы үш күнде...
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамтиды, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді деген болжам бар. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте -2-5 градусқа дейін күн суытады.
"Күндіз ауа температурасы республиканың батысында +20..+28, солтүстік-батыста +12...+23, шығыста +5...+20, оңтүстікте +20...+30, елдің солтүстігінде және орталығында +10...+20, оңтүстік-шығыста +17...+28 градус", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина