Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысын қатты жаңбыр жауады.
7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады метеорологтар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз