Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері жауын-шашын күтіледі: 17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда жауын-шашын, қар аралас қатты жауын-шашын болады. Батыс аймақтарда жаңбыр күтіледі. 18 қазанда қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды.

"Елдің солтүстік облыстарына ғана суық антициклон ықпалын тигізеді, күн жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы төмендейді, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аймақтарда көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға қазандағы ауа райы болжамын ұсынған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек