Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" Алматы және Астана қалаларында 25-27 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

25 желтоқсан күні Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз. Уақытша тұман түседі. Жел оңтүстіктен 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

26 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 15-17 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

27 желтоқсан күні бұлтты, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 9-11 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

25 желтоқсан күні Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

26 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

27 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!