Алдағы үш күнде 40 градус ыстық күтіледі. Синоптиктер 2016 жылдың 4-6 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның шығыс бөлігінің ауа райын анықтайтын биік циклондар толып, Батыс Сібірге көше бастады. Бірақ таяудағы екі тәулікте олармен шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады, ауа температурасы әдеттегіден 2-3 градуқа төмен болады екен.
"Қазақстанның қалған аумағы жоғары атмосфералық қысым алаңында болады. Мұнда әсіресе жауын-шашынсыз, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде 3-7 градус климаттық нормадан жоғары, 30-35, кей жерлерде 36-41 градус ыстық жоғары температурамен ыстық ауа райы болжануда", - дейді синоптиктер.
Дереккөз: tengrinews.kz