Алдағы үш күнде Қазақстанның кей өңірлерінде күн күрт суытады. Орталық пен шығыста түнгі ауа температурасы -15°C-қа дейін, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында -16°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Ал Батыста күндіз +17°C-қа дейін жылынады, деп хабарлайды Massaget.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі
12–14 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашын болжанады.
Елдің шығысында жел күшейіп, бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Кей күндері батыста, солтүстікте және орталықта негізінен жауын-шашынсыз болады. 13 қарашадан бастап оңтүстік өңірлерде де жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.
Қай жерде аяз болып, қай жерде күн жылынады?
Алдағы үш күнде өңірлер бойынша ауа температурасы төмендегідей болады:
Қазақстанда қараша айы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2026 жылдың қараша айы климаттық нормадан жылы болады деп болжаған. Алайда тұрақты жылы ауа райын күтудің қажеті жоқ. Ай бойы жаңбыр, қар, боран және температураның күрт ауытқуы болжанады.
Қараша айының кей күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі аяз −18°C-қа дейін жетуі мүмкін.