Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы батыс циклоны өтеді. Сондықтан батыста, кейін елдің солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел тұрып, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Бүкіл кезең бойы солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!